«Нұр-Раяна 2»бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түркістан облысы, Келес ауданы «Нұр-Раяна 2» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы, Келес ауданы, Алпамыс батыр а.о., Қауыншы е/м . Қазыбек би көш №27 үй |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, вебсайт) | Ұялы телефоны: + 77058923082 Электрондық поштасы: makhanbet2019@inbox.ru Веб сайты: https://nur-raiana2.bb-edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т. А. Ә, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Тажибаева Улзия Жауынбаевна «Нұр-раяна 2» бөбекжай – балабақшасы ЖШС құрылтайшысының шешімі бойынша 2018 жылдың 01 шілде күні №1 бұйрықпен тағайындалсын. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анаықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 01шілде 2018 жылы берілген. БИН: 161140020606 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон 2023 жылғы 23мамырдағы № KZ67RBK00016838 хабарлама берілген |
| 7 | Құрылған жылы | 2017 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Бір қабатты І ғимарат, |
| 9 | Топтар саны | 3 |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі, |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешіліер: ІI ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Кіші топ – күні бойы Орта топ – күні бойы Ересек топ – күні бой |
| 14 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 70балаға арналған. Құжат НИКАД-ы: KZ67RBK00016838 Құжаттың бірегей нөмірі: KZ24000377665 Нөмірі: 7-2-367 Берілген күні: 19-қаз-15 Балабақша орны 70балаға арналған |
Балабақша ғимараты бір қабатты І ғимаратты типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 70 орындық, 3 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20 – 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді, таңғы 8.00 – бастап, кешкі сағат 18.00 – ге дейінгі уақыт аралығында.
Ортаңғы топ: «Күншуақ»
Ересек топ: «Дарынды балалар»,
Кіші топ: «Сүйкімді сәбилер»,
Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде және орыс тілінде тәрбиеленеді.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, психолог кабинеті, мед кабинет, асхана, қойма, кір жуу, күзет блогы бар. Материалдық техникалық базасы стандартқа сай жасалған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Күзет агенттігімен келісім – шартқа отырған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар мен гүлдер отырғызылған. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен қатар, әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары мен күркелері қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
- Меңгеруші кабинеті;
- Әдістемелік кабинет;
- Медбике кабинеті;
- Педагог – психолог кабинеті;
Қолданыстағы құрал – жабдықтар:
- Теледидар – 3 дана;
- Компьютер – 3дана;
- Ноутбук – 3 дана;
- Түсті принтер – 1 дана;
- Принтер – 1 дана.
Ата – аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.